Елімізде ауа райы бұзылады

349

3 шілдеге арналған ауа райы ескертуі.  

Елімізде ауа райы бұзылады Фото: ru.sputnik.kz

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" 3 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бірқатар өңірде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл мен тұман күтіледі.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында да қолайсыз ауа райы болжанып отыр. Астанада күндіз бұршақ жаууы мүмкін болса, Алматыда түнде қатты жаңбыр мен дауыл күтіледі. Шымкентте түнде өткінші жаңбыр мен найзағай болжанған.

Қолайсыз ауа райы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай және Маңғыстау облыстарын қамтиды. Көптеген өңірде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде 23–28 м/с-қа жетеді.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында күндіз 35–37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі де өзекті болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу