"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 25 ақпанда Шымкент қаласында тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қарлы боран, жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с.
25-27 ақпанда Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады, қар жауады.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, орталықта күндіз солтүстіктен, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман түседі, жаңбыр жауады.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батысы мен солтүстік-батысы антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі.