2021 жылдың 8 айында 8,9 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,5%. Республика бойынша барлығы 77 262 баспана салынған, оның – 24 292 жеке тұрғын үй.
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 1 триллион 349,5 млрд. теңге болды. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштерден 22.7% жоғары.
Жалпы, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі өткен жылмен салыстырғанда еліміздің барлық өңірінде артты.
Анықтама: Атырау (159,8%), Шығыс Қазақстан (120,7%), Қарағанды (119,9%), Қостанай (118,5%), Қызылорда (114,6%), Түркістан (111,5%), Алматы (107,5%), Солтүстік Қазақстан (107,5 %), Жамбыл (106%), Павлодар (105,2%), Ақмола (104,9%), Батыс Қазақстан (102,7%), Ақтөбе (101,5%), Маңғыстау (100,2%) облыстары және Нұр-сұлтан қалалары (112,8%), Алматы (105,5%), Шымкент (104%),.