Елімізде әуе компаниялары қызметінің бағасы 9%-ға өсті

1255

Сектордың кірісі 2 есе артты. 

Елімізде әуе компаниялары қызметінің бағасы 9%-ға өсті

2021 жылдың қазан айының соңында әуе көлігімен жолаушылар тасымалы қызметінің құны 8,7%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша Түркістан облысында баға айтарлықтай өсті: жылдық динамика бойынша 30%-ға. Одан кейінгі орында Қызылорда (жылына +22,9%) және Маңғыстау (+19,4%) облыстары.

Республиканың 17 аймағының ішінде тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана баға өткен жылдың қазан айындағы деңгейінде қалды. Қалған үш облыста бағаның төмендеуі байқалады: Павлодар (12,7%), Батыс Қазақстан (15,3%) және Ақмола (22,5%) облыстарында.

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында әуе көлігі кәсіпорындарының кірісі бір жылда бірден 2 есеге жуық өсім көрсетіп, 265,7 млрд теңгеге жетті.

Кірістердің негізгі бөлігі – 252,6 млрд теңге дәстүрлі түрде жолаушылар тасымалына тиесілі болса, қалған 13,1 млрд теңге жүк тасымалынан түскен кірістер.

Салыстырар болсақ, 2020 жылдың үш тоқсанында әуе компанияларының кірісі 135,8 млрд теңгені құрады. Ал биылғы көрсеткіш 2 есе көп.

Сонымен қатар 2016-2019 жылдар аралығында елімізде әуе компанияларының табысы тұрақты өсіп келе жатқаны байқалды.

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елдің әуе компаниялары 6,9 млн адамды тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғыдан 81,5%-ға артық. "Дағдарысқа дейінгі" 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда биыл жолаушылар тасымалы 8,1%-ға өсті.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың тоғыз айында елдегі жолаушылар тасымалы жылына 40,4%-ға төмендеп, 3,8 млн адамды құрады.

Биылғы жылы жолаушылар тасымалы 84,7%-ға өсті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу