Елімізде "Ауыл кітапханаларына 100 кітап" акциясы басталды

298

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында жазды.

Елімізде "Ауыл кітапханаларына 100 кітап" акциясы басталды Фото: ашық дереккөз

Аталған бастаманың мақсаты –шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты. 

"Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент өз сөзінде: "Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек" деген болатын. Осы орайда, "Ауыл кітапханаларына 100 кітап" атты акция бастадық. Мен өзім Абай Құнанбайұлының ауылы Қарауылға және Қаныш Сәтбаевтың ауылы Баянауылға және өз туған ауылыма әлем және қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын, танымдық-ағартушылық әдебиеттерді тарту еттім", - деп жазды министр.

Балаеваның айтуынша, бұл акцияны министрлер қолдап, қазірдің өзінде бірнеше ауылға кітап жеткізіп үлгерді.

"Мәселен, Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған Бағдат Батырбекұлы жеке атсалысып, еліміздің бірқатар өңіріндегі ауыл кітапханаларына 100 кітаптан табыс етуде. Басқа да әріптестерміз таяуда акцияға қолдау көрсетуге ниет білдірді. Бұл бастама арқылы шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды мақсат етіп отырмыз. Акцияға өзге де мекемелер мен ұйымдар, жанашыр азаматтар атсалысады деп сенеміз", - делінген жазбада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу