Еліміз бойынша ауыл шаруашылық саласында 1,2 млн-ға жуық адам еңбек етуде. ҚР АШМ осындай статистикалық дерек келтірді.
АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың шамамен 512 мыңы – әйел адам. Айта кетсек, ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтардың 141 мыңы қалада тұрады екен.
Бұл салада жалдамалы жұмысшылар саны 464 510 адамды құрайды.
"Жұмыспен қамтылған азаматтардың қалғаны кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар",– делінген баспасөз хабарламасында.
Биылғы жылдың қаңтар-қараша айларында ауылшаруашылық саласында жұмыс істейтіндер 4 трлн 931 млрд 359 млн теңгенің өнімін өндерген. Бұл 2018 жылдың қаңтар-қараша айларына қарағанда 671 млрд теңгеге артық.