Елімізде ауыз су мен минералды судың бағасы бір жылда 29%-ға өсті

704

Салқындатқыш сусын 27%-ға қымбаттады.

Елімізде ауыз су мен минералды судың бағасы бір жылда 29%-ға өсті Фото: DOZA+

Биылғы сәуір айының қорытындысына сәйкес алкогольсіз сусындар 22,7%-ға қымбаттады. Ал, су (минералды және ауыз су) бағасы бір жылда 29,1%-ға артқан. Бұдан бөлек салқындатқыш сусындардың бағасы 26,8%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап. 

2023 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша минералды су бағасы бір жылда 31,4%-ға артты. Ең жоғары жылдық өсім Жетісу (+66,4%), Қызылорда (+49,5%) және Батыс Қазақстан (+48,1%) облыстарында тіркелді. 

Бұдан басқа ауыз су бағасы да қымбаттаған: жылдық өсім – 25,8%. Өңірлер бойынша бағаның ең үлкен өсуі Ақмола (43%), Абай (42,6%), сондай-ақ  Қостанай (31,5%) облыстарында байқалды. 

Салқындатқыш сусындардың газдалмаған түрлері ең көп қымбаттады: жылдық өсім – 34,7%. Батыс Қазақстан облысында мұндай сусындардың бағасы бір жылда 85,3%-ға өсті. Антилидерлер қатарында Атырау (51,9%) және Шығыс Қазақстан (47,7%) облыстары бар.

Газдалған сусындардың бағасы бір жылда 25,2 пайызға өсті. Ең жоғары жылдық өсім Ақмола (46,9%-ға), Жетісу (40,2%-ға) және Абай (36,8%-ға) облыстарында байқалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу