Елімізде автобус пен жүк көлігі өндірісі төмендеп кетті

947

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақстан автомобиль саласының кәсіпорындар одағы 2018 жылдың 9 айындағы республика автоөндірушілерінің жұмыс нәтижелері туралы ақпарат берді.

Елімізде автобус пен жүк көлігі өндірісі төмендеп кетті

Қазақстанның аумағында 140,9 млрд теңге сомасына 22,7 мыңнан астам автокөлік құралы өндірілген, деп хабарлайды "КазАвтоӨнеркәсіп" ҚАСКО" ЗТБ-ның баспасөз қызметі.

Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстанның аумағында жалпы құны 140,9 млрд теңге тұратын автокөлік құралдарының 22 709 бірлігі (жеңіл, жүк автомобильдерін, автобус техникасын, арнайы автокөліктерді және тіркемелерді қоса алғанда) өндірілген. Заттай көріністе шығару көлемдері өткен жылғы көрсеткіштен 70,3%-ға асып түскен.

Жеңіл автомобильдердің өндірісі 82,6%-ға өсіп, 21 137 бірлікке жетті. Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша автобус техникасын шығару 1,9 есе қысқарды. Жүк автомобильдерінің өндірісі (802 бірл) сондай-ақ 17,2%-ға төмендеді. Арнайыланған автотехниканы шығару 144-тен 151 бірлікке дейін, тіркемелерді шығару – 199-дан 388 бірлікке дейін өсті.

2018 жылдың құркүйек айының нәтижелері бойынша қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 3 244 бірлік автокөлік құралдары шықты, бұл көрсеткіш 2017 жылдың нәтижесінен 2,2 есе (1 503 бірл) асып түседі.

Отандық автозауыттардың өтімі жыл басынан 20 644 бірлікке жетті, бұл былтырғы жылдың мәнінен 58,2%-ға жоғары (13 052 бірл). Қазавтоөнеркәсіп кәсіпорындарының нарықтық үлесі, өткен жылдың осындай кезеңіндегі  36,8% қарағанда,  47,3%-ға дейін өсті. Жергілікті өндірілген автомобильдерді сатып алу үшін республика тұрғындарының шығыстары 119,7 млрд теңгені құрды – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 59,6%-ға жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу