Елімізде автобус жүргізушілеріне қойылатын талап жеңілдеуі мүмкін

310

Әсіресе, білікті мамандар тапшы.  

Елімізде автобус жүргізушілеріне қойылатын талап жеңілдеуі мүмкін Фото: IStock

Елімізде автобус жүргізушілеріне қойылатын талап жеңілдеуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, Қонаев қаласында облыс тұрғындары және кәсіпкерлермен кездесті. Жиында өңірдегі жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорын өкілдері өзекті мәселені көтерді. Олар автобустарды жаңарту үшін шара қабылдауды, автобус жүргізушілері үшін қажет жұмыс өтілін азайтуды, D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін жас көрсеткішін төмендетуді сұрады.

Cебебі, зерттеу жұмыстары көрсетіп отырғандай, 2014 жылға дейін D санаты бойынша 3 жыл көлемінде 84 мың адам оқыған. Талаптар қатаңдатылғаннан кейін автобус жүргізушісі біліктілігі бойынша оқитындардың саны 4 мың адамға дейін қысқартылған.

Министр тиісті заң жобасы Мәжілісте қаралып жатқанын жеткізді.

"Біз тамызға дейін мәселе түбегейлі шешіледі деп үміттенеміз. Автобус жүргізушілердің жасын 23-ке дейін төмендетіп, D1 санаты үшін жүргізуші өтіліне қойылатын талапты 3 жылдан 1 жылға дейін азайтамыз. Алайда мұнымен мәселе толық шешілмейді, дегенмен алғышарттар бар", - деді Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу