Елімізде автобуспен жолаушы тасымалдау көлемі азайып келеді

1866

Елімізде автобуспен жолаушы тасымалдау көлемі азайып келеді

2017 жылы автобуспен 18,2 млрд жолаушы тасымалданған, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 0,6%-ға аз.  

Салыстыру үшін айтатын болсақ, жалпы көліктің барлық түрімен 22,7 млрд жолаушы (бір жылдағы өсу 1,7% ) тасымалданған.

Барлық жолаушы тасымалының ішіндегі автобус тасымалының үлесі бір жылда 82%-дан  80,2%-ға қысқарған. 

Автобуспен тасымалдау үлесі жоғары болғанына қарамастан, олардан түскен табыс жолаушылар тасымалының сегментіндегі барлық кәсіпорыннан түскен табыстың небәрі 20,3%-ын ғана құрап отыр.

Жолаушылар санының қысқарғанымен, түсетін табыс көлемі өсіп отыр: бір жылда 11%-ға (9,5 млрд теңге), яғни 95,8 млрд теңгеге дейін өскен.

Қазақстан бойынша қала ішінде автобуспен жүрудің орташа бағасы 74 теңге, бұл баға бір жылда 14,9%-ға өскен.

Қазақстан қалалары арасында қала ішінде автобуспен жүру бағасы Астана, Қызылорда және Өскеменде ең қымбат болып отыр.  Бұл қалалардағы билет бағасы 90 теңге. Қызылорда мен Өскеменде баға бір жылда 28,6% (20 теңге) және 20%-ға (15 теңге) өскен. Астанада баға өзгермеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу