Осы жылдың 1 наурызынан бастап жаңа редакцияда "Автомобиль көлігі туралы" ҚР Заңы күшіне енетіні белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қостанай жаңалықтары" газетіне сілтеме жасай отырып.
Қазақстанның барлық өңірлерінде тегін жол жүруге I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, "Батыр ана" атағын алған "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері құқылы. Тізімде бірінші топтағы мүгедектер де бар. 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге 50% жеңілдік беріледі.
Қостанай әкімдігі әлі ешқандай қосымша ақпарат жоқ екенін хабарлады. Алайда, Қостанайда Заңда белгіленген жеңілдіктердің басым бөлігі бұрын да қолданыста болғанын атап өткен жөн. Біз үшін түбегейлі жаңа өзгеріс – бұрын 7 жастан 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қатысты кәмелетке толмағандарға арналған тариф.
Бүгінде Қостанай автобустарында тегін жол жүруге құқылы:
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
- басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері;
- жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
- 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
- I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе "Батыр ана" атағын алған аналар;
- бірінші және екінші топтағы мүгедектер.
- Бекітілген тариф құнынан он теңгеге аз төлейтіндер:
- жасы бойынша зейнеткерлер;
- үшінші топтағы мүгедектер.
- 7 жасқа дейінгі балаларға жол жүру ақысы тегін, 14 жасқа дейінгілер 50 пайыздық жеңілдікпен жүреді.