2018 жылғы қаңтар-мамырға Қазақстан Республикасында 332908 жеңіл автомобиль тіркелген, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.
2018 жылғы қаңтар-мамырға Қазақстан Республикасында 332 908 жеңіл автомобиль тіркелген, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 67,9% артық. Қазақстан Республикасында 2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3828,9 мың бірлікті құрады.
Биылғы жылғы 5 айда 5565 адам зардап шеккен 7800 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат 3%-ға азайған.
2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 10,1 млрд теңге сомасына 28032 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.