Сонымен қатар, бүгіннен бастап елімізде автокөлікті тіркеудің жаңа ережелері күшіне енді. Негізгі өзгеріс көліктің мемлекеттік нөміріне байланысты. Енді әрбір азамат белгіленген мөлшерде қаржы төлеп, өзі қалаған әріптерден керек комбинация құрастырып алуына болады. Ал, 2018 жылдың қаңтарынан бастап бірдей үш әріп алу бағасы қымбаттай түспек. Сондай-ақ, егер көлікті автосалоннан алсаңыз еліміз аумағында техникалық байқаудан өткізу міндеттелмейді. Бұған қоса, автомобиль иесі өз аты–жөнін өзгертсе көлікті тіркеу куәлігінің дубликатын ала алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу