2025 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда автонесие портфелі 3,6 триллион теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бір жыл ішінде автонесие портфелі 44,8 пайызға өскен.
Бірінші несиелік бюро бас директоры Руслан Омаров автонесие несиелеудің қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
Оның сөзінше, автонесие бойынша жасалған келісімшарттардың жалпы саны 591 мыңнан асқан. Тиісінше, борышкерлер саны – 559,2 мың шамасында. Екі көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда артқан.
– Біз автонесие бойынша рекордты екінші жыл қатарынан көріп отырмыз. 2023 жылы өсім 64 пайыз болса, 2024 жылы – 44%. Яғни, негізгі портфель тұрақты динамикасын көрсетуді жалғастырып жатыр, – деді қоса кетті ол.
Былтыр берілген автонесие көлемі – 1,8 триллион теңге. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 13,2%-ға артық. Несие алушылардың саны 214 мың адамға жетіп, 10,2%-ға өссе, жасалған шарттар – 228,4 мыңға жеткен.
Автонесие шарттары бойынша орташа қарыз – 8 миллион теңге шамасында. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,1%-ға артық.
– Көліктің орташа құны – 10 миллион теңге, – деді Руслан Омаров.
Сонымен қатар, Бірінші несиелік бюро бас директоры желтоқсан айында 25 600 көлік сатылғанын, ал берілген несиелер саны 26,7 мың болғанын айтты.
Берілген автонесиенің жалпы сомасы өткен жылмен салыстырғанда 13,2%-ға өскен, автокөліктердің де 6,4%-ға қымбаттағанын айта кету керек. Несиенің ең көп көлемін (3 039,8 млрд теңге) екінші деңгейлі банктердің бергені белгі болды.