Былтыр жеке тұлғаларға берілген автокөлік несиелерінің көлемі 832,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылға қарағанда 31,1%-ға немесе 197,3 млрд теңгеге көп. 2022 жылы қазақстандықтарға 107,3 мың қарыз берілді, деп жазады inbusiness.kz.
Несиелер санының артуы автонесие портфелінің де өсуіне әкелді.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ол 1 трлн 515,4 млрд теңгені құрады. 2022 жылы автонесие портфелі 278,3 млрд теңгеге немесе 22,5%-ға өсті.
Бұл ретте портфельдегі келісім-шарттардың жалпы санының 47,2%-ы 2021-2022 жылдары берілген несиелер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу