Елімізде аяқ киімді таңбалау бойынша қанатқақты жоба іске қосылды

1037

Таңбалау аяқ киім тауарларын заңсыз әкелуді, өндіруді және айналымын азайту үшін қажет.

Елімізде аяқ киімді таңбалау бойынша қанатқақты жоба іске қосылды

"ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді іске асыру аясында, сондай-ақ ҚР премьер–министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен 2019 жылғы 17 шілдедегі № 20-3/05-2208 мәжіліс хаттамасының 8-тармағының 1) тармақшасын орындау шеңберінде аяқ киім тауарларын таңбалау және бақылау бойынша пилоттық жобаны іске қосты",– делінген ИИДМ баспасөз хабарламасында.

Министрлік іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеп, бекіткен. Таңбалау Қазақстанға аяқ киімдерді заңсыз әкелуді, өндіруді және аяқ киім тауарларының айналымын азайту үшін қажет.

Жоба 2019 жылдың 30 шілдесі мен 2020 жылдың 31 наурызы арасында сынақтан өткізілмек.

Бұл жобаға кез келген уақытта министрлікпен келісім бойынша қосылуға болады.

Бүгінгі таңда пилоттық жобаға 11 кәсіпорын (өндірушілер мен импорттаушылар) қатысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу