Елімізде азаматтар 382 млрд теңге "артық" салық төлеген

945

Елімізде азаматтар 382 млрд теңге "артық" салық төлеген

2016 жылы мемлекеттік бюджетке салық төлеушілерден түскен қаражат 382 млрд теңгеге артық орындалған. Жалпы, 2016 жылы салық төлеушілер мемлекеттік бюджетті неше теңгеге толтырғанын Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ведомствоның алқа отырысында атаған жоқ, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"2016 жылы мемлекеттік бюджетке 9,3 трлн теңге түсім түсті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда, 1,7 трлн теңгеге немесе 22 пайызға көп. Ал, республикалық бюджеттің кірісі жөніндегі жоспар (трансферлерді қоспағанда) 109,1 пайызға орындалды. Жоспардың артығымен орындалуы – салық төлеушілердің арқасы", – дейді Бақыт Сұлтанов.

Еліміздің бас есепшісі атап өткендей, былтыр республикалық бюджет "күтпеген" салықтан 380 млрд теңгеден астам пайда көрген. "Былтыр бюджетке жоспарланған сомадан 382 млрд теңге артық салық түсті. Сондықтан да, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфер аз алынды. Айта кетейін, болашақта республикалық бюджеттегі кепілдендірілген трансфердің көлемі 2020 жылға дейін 2,888 млрд теңгеден 2 млрд теңгеге дейін азаяды", – дейді Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу