Елімізде азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

1316

Шақыру учаскелеріне 17 жасқа толатын ер-азаматтар тіркелуге тиіс.

Елімізде азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

Қазақстанда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды. Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық деңгейін айқындау, мамандығы бойынша алған білім деңгейі мен дене дайындығы деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылып, өткізіледі, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

"Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шақыру учаскелеріне 17 жасқа толатын ер-азаматтар тіркелуге тиіс. Қазіргі уақытта жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша азаматтарды медициналық куәландырудан өткізетін медициналық комиссиялар құрылды. Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) азаматтарды шақыру учаскелеріне шақыру үдерісінде емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаж шақырылушыларды айқындайды және оларды емдеу-профилактикалық ұйымдарға, денсаулық жағдайы бойынша жарамдыларды, әскреи оқу орындарына түскісі келетіндерді Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқуы үшін тіркейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу