Елімізде "Азаптау" бабы бойынша 85 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді

925

Соңғы екі айда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 12 және Ішкі істер министрлігінің 6 қызметкері ұсталды.    

Елімізде "Азаптау" бабы бойынша 85 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді Фото: inbusiness.kz

Биыл қаңтар-ақпан айларында елімізде "Азаптау" бабы бойынша 85 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бір жыл бұрын олардың саны 263 болған. Құқық бұзушылық саны бір жылда 3,1 есе азайды, деп хабарлайды inbusiness.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Ranking зерттеуіне жүгінсек, 2022 жылдың осы кезеңінде мұндай құқық бұзушылықтардың саны бірден 3 есе өсіп, 263 болған. Мұндай статистиканы былтырғы қаңтардағы қайғылы оқиғамен байланыстыруға болады.

Өңірлер ішінде биыл "Азаптау" бабы бойынша ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар Алматы қаласында тіркелді: екі айда – 21 іс, бір жыл бұрын – 39 іс.

Одан кейін ең көп мұндай қылмыс Алматы, Түркістан (әр облыста 9 іс) және Павлодар (8 іс) облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында (7 іс) болды.

"Ең аз құқық бұзушылықтар Қызылорда, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді: әрқайсысы бір істен. Шымкентте, сондай-ақ Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында бірде-бір іс тіркелген жоқ.

Ал "Азаптау" бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағандарға келсек, екі айда олардың саны 18-ге жетті (бір қызығы, былтырғы ресми статистика бойынша 4-ақ адам мұндай қылмыс жасаған). Олардың ішінде 6 Ішкі істер министрлігі мен 12 ҰҚК қызметкері бар.

Азаптау құрбандарының саны бір жылда 63% азайып, 94 адамды құрады. Оның ішінде 75 адам ҚР азаматы, 4 адамның азаматтығы жоқ, 3 адам ТМД елдерінің азаматы, тағы 3 адам басқа елдің азаматтары. Зардап шеккендердің ішінде 2 адам 16-17 жаста, 4 адам 18–20 жаста, 32 адам 21–29 жаста, 32 адам 30–39 жаста, 37 адам 40–49 жаста, 16 адам 40–49 жаста, 2 адам 50–59 жаста және 1 адам 60 жастан асқан.

Елімізде 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры жұмыс істейді. Қордың мақсаты — қылмыстардан материалдық зардап шеккен, бірақ қылмыстың ашылмауынан немесе қылмыскердің сот төрелігінен жасырынып қалуына байланысты келтірілген зиянның орнын толтырмаған азаматтарға қолдау көрсету", - делінген зерттеу мәтінінде.

Заңға сәйкес мұндай қолдауды басқалармен қатар азаптаумен байланысты қылмыстардың құрбаны деп танылған адамдар алады (ҚК 146-бабы).

Азаптаудан зардап шеккендерге 30 АЕК (ҚР ҚК 146-бабының 1 және 2-бөлімі бойынша) және 40 АЕК (ҚР ҚК 146-бабының 3-бөлімі бойынша) көлемінде өтемақы төленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу