"Елімізде азық-түлік, киім-кешектер мен түрлі қызмет бағаларының қымбат екені жасырын емес. Мәселен, отандық тасымалдаушының негізгі бағыттағы рейстері Еуропалық компаниялардікіне қарағанда неліктен қымбат деген сұрақ туындайды. Кейде біздегі баға 30% -ға дейін қымбатырақ",– деді Президент.
Қымбатшылық мәселесін көтере отырып, Жолдауда айтылған тапсырмалардың осы мәселелерді шешуге қызмет ететінін тілге тиек етті.
"Реформаны тек реформа үшін жүргізуге жол берілмейді. Әрбір министрде және әкімде нәтижелі жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің тізімі болуы тиіс. Сол арқылы олардың нақты мақсатқа қол жеткізу деңгейі анықталады",– деді Президент.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу