Елімізде азық-түлік тауарлары қымбаттады

1270

Жыл басынан бері Қазақстандағы инфляция деңгейі – 2,7%.

Елімізде азық-түлік тауарлары қымбаттады Фото: inbusiness.kz

2021 жылдың сәуірінде еліміздегі инфляция 0,9% болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бюро мәліметінше, сәуірде азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары 1%-ға, ақылы қызметтер 0,5%-ға қымбаттаған. 

"Қызылшаға баға – 17,1%, картопқа – 12%, сәбізге – 10,5%, күнбағыс майына – 2,7%, құмшекерге – 2,5%, тауықтың сирағына – 2,3%, жаңа жиналған жемістерге – 2%, қой етіне – 1,7%, ет өнімдеріне – 1,2%, жармаларға – 1%, шошқа етіне – 0,9%, макарон өнімдеріне, шайға, пастерленген сүтке – 0,8%-дан, ұнға – 0,7%, сиыр етіне 0,6%-ға жоғарылаған", - деп жазылды хабарламада.

Минералды және ас суы – 2%-ға, салқындатылған сусындар – 0,9%-ға, алкогольды сусындар 0,7%-ға қымбаттаса, қияр бағасы – 9,6%, апельсин – 1,5%, қызанақ – 1,1%, күріш – 0,6%-ға төмендеген.

"Тұрмыстық аспаптарға баға – 2%, жеке қолданылатын тауарларға, шыны және қыш бұйымдарға, құрылыс материалдарына – 0,7%, автомобильдерге – 0,6%, тоқыма бұйымдарына – 0,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға, киім және аяқ киімге 0,4%-ға өскен. Бензин – 6%-ға, дизель отыны 0,9%-ға қымбаттаған", - деп жазылды хабарламада.

Сонымен қатар монша қызметіне баға – 1,9%, санаторийлер қызметіне – 1,8%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметіне – 1,2%, қоғамдық тамақтандыру қызметіне – 1,1%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметіне – 0,7%, интернет желісіне – 0,6%, қонақ үйлер қызметіне 0,5%-ға жоғарылаған.

"Теміржол көлігімен жол жүру ақысы – 0,8%, әуе көлігі – 0,9%-ға қымбаттаған. Ал қоқыс шығару тарифі 1,2%-ға өскен", - деп жазылды хабарламада.

Айта кетейік, 2020 жылы еліміздегі инфляция деңгейі 7,5% болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу