Елімізде бағдарламалау мен IT-консультациялар бойынша қызмет көлемі артты

565

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Елімізде бағдарламалау мен IT-консультациялар бойынша қызмет көлемі артты Фото: google

Бағдарламалау және IT-консультациялар бойынша қызметтер көлемі 40%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда компьютерлік бағдарламалау, сондай-ақ консалтинг және басқа да ілеспе қызметтер саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 772,5 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай мәнде 40,3%-ға артық.

"Оның ішінде 2,6 млрд теңгенің қызметі ауылдық жерлерде көрсетілген. Өңірлер арасында көрсетілген қызметтің ең көп көлемі Алматы (380,5 млрд теңге), Астана (321,5 млрд теңге) қалаларына және Қарағанды облысына (17,1 млрд теңге) тиесілі болса, ең азы – Ұлытау облысында (124,2 млн теңге). Кәсіпорындар көрсеткен қызметтер көлемі 737,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар арқылы 561,7 млрд теңге, ірі кәсіпорындар – 125,8 млрд теңге, орта кәсіпорын – 50,1 млрд теңге", - делінген хабарламада.

Компьютерлік бағдарламалау, консалтинг және басқа да ілеспе қызметтер көрсету саласындағы қызметтер құрылымында ең үлкен көлем бағдарлама  әзірлеуге тиесілі. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру және дамыту шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару жөніндегі қызметке – 58,2 млрд теңге, бағдарламаларды сүйемелдеуге – 38,5 млрд теңге. Қызмет көлемінің ең азы киберқауіпсіздік саласында көрсетілген (8,3 млрд тг).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу