Елімізде байланыс қызметінің құны қымбаттады

546

Интернет провайдерлердің кірісі артты.  

Елімізде байланыс қызметінің құны қымбаттады

Бұған бірінші кезекте тарифтер бағасының өсуі себеп. Өткен жылмен салыстырғанда тарифтер 2,6%-ға, ұялы байланыс қызметі 1,7%-ға қымбаттаған, деп хабарлады finprom.kz

Алайда биыл абоненттер саны қысқарған. Қыркүйек айының басындағы жағдай бойынша елімізде 24,2 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,5%-ға төмен. 2019 жылдың қыркүйегінде елімізде 25,9 млн абонент болған еді. Олардың 63,3%-ы немесе 15,3 млн-ы интернетті пайдаланады.

Сонымен қатар интернет желісін үйге қостыратындар қатары сиреген. Бір жылда олардың саны 1,2%-ға немесе 2,5 млн абонентке төмендеген.

Елімізде абоненттер санының азаюына қарамастан, қызметтер көлемі артқан. Осылайша биылғы жылдың қаңтар-тамызы аралығында телекоммуникациялық компаниялар кірісі 8,3%-ға өсіп, 574,2 млрд теңгені (бір жыл бұрын 519,9 млрд теңге) құрады. Оның басты себебі тарифтер құнының қымбаттауы. 
Мәселен, 2020 жылдың тамыз айында өткен жылмен салыстырғанда
интернет-тарифтер 2,6%-ға өскен. 

Өңірлер бойынша бұл қызметтердің 80%-ын Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары пайдаланады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу