Елімізде байланыс нарығындағы қызметтер көлемі 9,1% артты

383

Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес интернет желісінің қызметтеріне тиесілі

Елімізде байланыс нарығындағы қызметтер көлемі 9,1% артты Фото: google.com

2023 жылғы қаңтар-мамырда байланыс саласында көрсетілген қызмет көлемі 485,3 млрд теңгеден асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1% көп. 

Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес интернет желісінің қызметтеріне тиесілі, ол 221,3 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 19,3% көп. Бұдан кейін ұялы байланыс қызметтері – 101,5 млрд теңге, онда қызмет көрсету көлемі өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 5,3% кем болды. Басқа телекоммуникациялық қызметтер бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 100,8 млрд теңгені құрады. 

Есепті кезеңде қалааралық және халықаралық телефон байланысының көлемі 10,9%-ға төмендеді - 6,8 млрд теңге. Ағымдағы жылдың 5 айында жергілікті телефон байланысының көлемі 12 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3% аз. 

2023 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы абоненттер саны:

-  тіркелген телефон желілері – 2,7 млн бірлік

-  ұялы байланыс абоненттері – 24,5 млн бірлік

- интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттері – 17,5 млн бірлік

-  тіркелген интернет абоненттері – 2,9 млн бірлік

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу