Қазақстанда байланыс нарығындағы қызметтер көлемі 8%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында байланыс қызметтерінің көлемі 1,1 трлн теңгеден асты. Осылайша жылдық өсім 8%-ды құрады.
Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі айтарлықтай үлес Интернет желісінің қызметтеріне (42,9%) тиесілі.
Одан кейінгі орындарда ұялы байланыс (22,8%), өзге телекоммуникациялық қызмет (21,1%), телекоммуникациялық сымды және сымсыз желілер арқылы деректерді беру бойынша қызметтер (4,8%), кабельді инфрақұрылым, сымсыз желілер және жер серігі арқылы бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер (4,1%), жергілікті телефон байланысы (2,6%) және қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтері (1,7%) орналасты.
"2022 жылдың желтоқсан айындағы деректерге сәйкес, елімізде тіркелген телефон желілерінің саны 2 835 мың бірлікті құрады. Бұл көрсеткіш 0,6%-ға азайып отыр. Сондай-ақ, 25 124,2 мың бірлік ұялы байланыс абоненттері (+0,2%), интернетке қосылған 17 400,5 мың бірлік (-0,1%) ұялы байланыс абоненттері бар. Ал, тіркелген Интернет абоненттерінің саны 0,7%-ға артып, 2891 мың бірлікке жетті", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.