Елімізде бала туу жасындағы әйелдер саны 4,7 млн асады

215

Мемлекет тарапынан халықтың денсаулығын сақтау саласына қомақты қаржыландыру, материалдық жабдықтау бойынша үнемі қолдау көрсетілуде.

Елімізде бала туу жасындағы әйелдер саны 4,7 млн асады Фото: aikyn.kz

Жасөспірім қыздар мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мәселесі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның назарында, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар ана мен баланың құқығын қорғау, әлеуметтік және денсаулық жағдайын жасау туралы түрлі қорлар, кеңестер мен қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді.

"Жалпы елімізде 0-18 жас аралығындағы балалар саны 7 млн-ға жуық, оның ішінде ұлдар 51% асады, қыздар 48-49% шамасында. Қала/ауыл бөлінісінде балалар арасындағы ұлдар мен қыздардың да үлесі бірдей. Бала туу жасындағы әйелдер саны елімізде 4,7 млн асады", - деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Парламентаризм Институты директорының орынбасары Ләззат Сүлеймен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу