Елімізде балабақшаға қабылдау тәртібі өзгеруі мүмкін

226

Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева "Жаңа уақытқа" берген сұхбатында айтты. 

Елімізде балабақшаға қабылдау тәртібі өзгеруі мүмкін Фото: freepik

Келер жылы елімізде балабақшаға қабылдау тәртібі өзгеруі мүмкін. Қазір ата-аналар балабақшаны тұрғылықты мекенжайына байланысты таңдайды. Ал өзгерістен кейін баласын өздеріне ұнаған балабақшаға бере алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет мұны ваучерлік қаржыландыру арқылы іске асырмақшы. Яғни, балаға қарастырылатын қаржы қазіргідей алдын ала емес, балабақшаға тіркеу аяқталғаннан кейін ғана бөлінеді.

"Бастама бірнеше өңірде пилот режимінде қолға алынды. Бұл бірінше кезекті жою үшін жасалып отыр. Мәселен, Таразда 1700 бала кезекте тұрған.  Ал ваучерлік қаржыландыру арқылы бұл көрсеткіш 17 балаға дейін азайды",  дейді Наталья Жұмаділдаева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу