Елімізде балалар стоматологы жетіспейді

819

 Елімізде балалар стоматологы жетіспейді

Қазақстанда балалар стомотологы жетіспейді. Бұл туралы "Стоматологтардың Бірыңғай Қазақстандық Ассоциациясы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сәуле Серікқызы Есембаева айтты, деп хабарлайды forbes.kz.

"Өкінішке қарай, елімізде стоматологтар негізінен Алматы мен Астана сияқты ірі қалаларда шоғырланған, 10 мың адамға 4,5 маманнан келеді. Ал ауылдық жерлерде тапшылық бар, осыншама тұрғынға онда небәрі 2,2 дәрігерден келеді. Әсіресе, балалар стоматологы, бет-жақ хирургтарының тапшылығы - өзекті мәселе. Дегенмен, үміт те жоқ емес. Елімізде алғаш рет стоматологиялық бейіндегі кадрларды даярлаудың кәсіби стандарты әзірленіп жатыр. Біз өз ұсынысымызды жеткіздік. Мәселе оң шешімін табады деп сенемін", - дейді Сәуле Серікқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу