Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елде ата-анасыз қалған балаларға арналған мекемелер мен олардағы тәрбиеленушілер саны азайып келе жатқанын мәлім етті.
"Жоспарлы жұмыс нәтижесінде соңғы 10 жылда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері саны 70%-ға, 14 мыңнан 4 мыңға дейін азайды. Ал соңғы 4 жылда осындай балалар саны саны 42%-ға азайды. Балалар үйлері жүйесінің саны үштен бірге азайды. Сонымен қатар, балалар үйлерін балаларға қолдау көрсету орталықтарына айналдырамыз. Бұл жұмысқа азаматтық қоғам да белсенді түрде атсалысты. Атқарып жатқан қызметі үшін оларға алғысымды білдіремін әрі болашақта да үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеуді жалғастыра береміз", – деді Асхат Аймағамбетов.
Білім және ғылым министрінің халық алдында есеп беру кездесуіндегі есебінде елдегі балалар үйлері жүйесінің саны 140-тан 101-ге дейін, яғни 28%-ға кемігені көрнекті түрде көрсетілді.
Нұржан Көшкін