Елімізде балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау ұлғайып келеді

991

2023 жылы 11 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және бір оңалту орталығы ашылады. 

Елімізде балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау ұлғайып келеді Фото: Elorda.Info

Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылға дейін ПМПК желісін 50 000 балаға шаққанда 1 ПМПК есебінен 125-ке дейін кеңейтуді жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқу-ағарту министрлігі Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Кудеринованың дерегінше, ПМПК және түзету кабинеттерінің саны жыл сайын артып келеді.

"Қарағанды, Ақтау, Шымкент қалаларында, Маңғыстау және Алматы облысында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар ашылды. Түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының саны да артып келеді. Соңғы екі жылда 13 түзету кабинеті ашылды. Яғни балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту айтарлықтай кеңейіп жатыр. Бұл балалар мүгедектігінің алдын алуға және азайтуға ықпал етеді", - дейді Әйгерім Кудеринова. 

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің дерегінше бүгінгі күні елімізде 89 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 208 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 13 оңалту орталығы жұмыс істейді.

Сонымен қатар биыл Тараз, Орал және Қарағанды қалаларында аутизммен ауыратын балаларға арналған үш қолдау орталығы ашылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу