Елімізде балаларды буллингтен қорғаудың ережесі бекітілді

693

Құжат ресми жарияланғаннан бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді.  

Елімізде балаларды буллингтен қорғаудың ережесі бекітілді Фото: Shutterstock / AlejandroCarnicero

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің 21 желтоқсандағы бұйрығымен Баланы жәбірлеудің (буллинг) алдын алу ережесі бекітілді деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қағидаға сәйкес, білім беру ұйымы әкімшілігінің келісімі бойынша баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу жөніндегі жұмысқа ата-аналар жұртшылығының, қызметі білім беру процесіне қатысушылардың құқықтарын қорғауға қайшы келмейтін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылады.

Баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпарат жергілікті атқарушы органға не білім беру ұйымына келіп түскен кезде жауапты тұлға ақпаратты баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпаратты есепке алу журналында тіркейді. Баланы жәбірлеу (буллинг) туралы келіп түскен ақпарат 1 (бір) күн ішінде басшыға жеткізіледі. Баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпарат білім беру ұйымына түскен кезде білім беру ұйымы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

1) баланы жәбірлеуге (буллингке) қатысушылар туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап бастапқы ақпаратты қалыптастырады, оған мыналар кіреді:

  • баланың (отбасы мүшелерінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  • тұрғылықты жері;
  • оқу орны бойынша баланың жалпы сипаттамасы;
  • сынып жетекшісінің, куратордың, баланы (педагогты) жәбірлеуге (буллингке) қатысушылардың және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жазбаша түсіндірмесі.

2) ақпарат келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде сынып жетекшісін, педагог-психологты тарта отырып, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған баламен, сондай-ақ жәбірлеудің (буллингтің) бастамашысымен/қоздырушысымен және олардың заңды өкілдерімен әңгімелесу жүргізеді;

3) баланы жәбірлеуге (буллингке) байланысты жанжалды бейбіт жолмен реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;

4) медициналық айғақтар болған кезде медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсетуге жәрдемдеседі;

5) әңгімелесу өткізілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының басшысына береді.

Бұйрықтың толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу