Елімізде балаларына үй алуға ақша жинайтындар саны артқан

700

Салымдар санына қатысты алғанда 1-10 жас аралығындағы балалардың атына ашылған шоттар үлесі басым.

Елімізде балаларына үй алуға ақша жинайтындар саны артқан

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі балалар депозиті бойынша ең үлкен жинақ сомасы 10 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды ТҚЖБ баспасөз қызметі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде балалар депозитіне деген сұраныс артып келеді. Бүгінде ұл-қызының атына шот ашқандар саны 145 мыңға жетті. Ал бір жыл бұрын банкте 133 000 балалар депозиті бар еді.

Салымдар санына қатысты алғанда 1-10 жас аралығындағы балалардың атына ашылған шоттар үлесі басым. Барлығы 80 000 депозит осы жас тобындағы клиенттерге ресімделген. Екінші орында жалпы саны 55 000 депозиті бар 10-18 жас аралығындағы салымшылар тұр. Үшінші орын банктің ең кішкентай клиенттері – 1 жасқа дейінгі балалардың еншісінде. Олардың атына барлығы 10 000 депозит ашылған.

Депозитті баланың атына кез келген жерде, кез келген уақытта ашуға болады. Ол үшін банк кеңесшісін шақыру мүмкіндігі қарастырылған. Депозит ашу үшін ата-ананың бірінің жеке куәлігі мен баланың туу туралы куәлігі қажет.

14 жасқа дейін баланың атына депозитті ата-ана ресімдейді. 14 жастан бастап шотты баланың өзі ашады, тек әкесінің немесе анасының келісімі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу