Елімізде баламалы энергия көздерімен айналысатын 50-ден астам компания ашылады

1154

Елімізде баламалы энергия көздерімен айналысатын 50-ден астам компания ашылады

Баламалы энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру барысында аукцион жүйесін енгізу қажет. Бұл туралы бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторлар кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, жаңашылдық заман талабына сай технологияларды қолданатын ең тиімді бағдарламаларды іріктеп алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ президент кеңес мүшелерін жасыл экономиканы қаржыландыру, бизнес климатты жақсарту сынды салаларды бірлесіп дамытуға шақырды. 2020 жылға дейін елде баламалы энергия көздерімен айналысатын 50-ден астам компания ашылады. Олардың жалпы қуаттылығы 2 мың мегаватты құрайды. "Ал 2050 жылға дейін Қазақстандағы баламалы энергия көздері 50 пайызға жетуі тиіс", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ елбасы бұл бағытта ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігін қадап айтты. Ол үшін жауапты ведомстволар мен ел университеттері қарқынды жұмыс жүргізуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу