Заңсыз балық аулайтындар анықталды

1091

 2021 жылдың 7 қаңтарында Қапшағай қаласы ПБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторлары табиғи ресурстарды қорғау бойынша мүдделі органдардың қызметкерлерімен бірге Қапшағай су қоймасында бірлескен рейдтер өткізді.   

 Заңсыз балық аулайтындар анықталды

Алматы облысының полицейлері Қапшағай су қоймасында заңсыз балық аулау деректерін анықтау бойынша рейдтер жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

"Рейд барысында әуесқой балықшылар арасында балық аулау ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі, мұзда болу кезіндегі қауіпсіздік техникасы, сондай-ақ әуесқой балық аулауды жүзеге асыру орындарын таза ұстау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы табиғатты қорғау саласы бойынша жеті қылмыстық іс тіркеліп, 68 әкімшілік ұйғарым шығарылғанын атап өткім келеді", – деді Қапшағай қаласы ПБ бастығының орынбасары Рауан Шалбаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде нұсқау берген болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу