Елімізде банк секторын оңалтуға арналған бағдарлама әзірленді

748

Елімізде банк секторын оңалтуға арналған бағдарлама әзірленді

Елімізде отандық банк секторын, оңалтуға арналған жаңа бағдарлама әзірленді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов "Нұр Отан" партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығында өткен жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, бас қаржы ұйымы екінші деңгейлі банктерге ақшалай көмек көрсетеді. Соның арқасында банк активтерінің сапасын арттыру көзделіп отыр. Айта кетейік, жаңа бағдарламаға капиталы кем дегенде 45 миллиард теңгені құрайтын мекемелер қатыса алады.
Алпысбай Ахметов ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

- Маусым айында Ұлттық банк басқармасының қарауына шығарылады. Ең басты принциптері бағдарламаның екінші деңгейлі банктерге, әлеуметтік орны үлкен банктерге көмектеседі. Жеке меншік капиталы 45 млрд теңгеден кем болмауы тиіс. Осы банкілердің акционерлерінен көмек болатын болса ғана, Ұлттық банк көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу