Елімізде банкроттық рәсімдер жеңілдетілді

140

Атап айтқанда, қабылданған нормаға сәйкес азаматтан өтініш берген кезде кредитормен борышты реттеу туралы құжатты қосымша ұсыну талап етілмейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елімізде банкроттық рәсімдер жеңілдетілді Фото: aif.ru

"Енді барлық қаржы ұйымдары жүргізілген реттеу туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға жіберуге міндетті болады", – деді ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов. 

Бұдан басқа, өтінішті толтыру кезінде кредиторлар алдындағы борыштың нақты сомасын, сондай-ақ кредитордың атауын көрсетудің қажеті жоқ деген норма қабылданды – бұл мәліметтер кредиттік бюролар базасынан алынады.

"Соттан тыс банкроттық кредиторларының тізбесіне жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарымен қатар барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензияларынан айырылған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, тарату сатысындағы ұйымдар, сондай-ақ қарыз банктік шарттары бойынша талап ету құқықтары тиесілі, қарыз (кредит) шарттарына және жеке тұлғаларға микрокредит беру туралы шарттарға өзге де ұйымдар да кірді", – деді спикер.

Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, енді, өтеу ретінде айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем болып есептеледі, сондай-ақ өтеудің болмау мерзімі, егер коллекторлық агенттік төлемнің болмауының өзге мерзімін растамаған жағдайларды қоспағанда, коллекторлық агенттікке талапты бергенге дейін соңғы төлем жасалған күннен бастап есептелінетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу