Елімізде бас прокуратураның жанынан активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады

423

Комитет заңсыз алынған активтерді елге қайтару ісімен айналыспақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елімізде бас прокуратураның жанынан активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады Фото: sputnik.kz

"Республикалық мемлекеттік мекеме ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылсын. Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп комитеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдасын. Заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның ережесі мен дербес құрамы бекітілсін", - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Президент Жарлығының жобасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу