Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады

195

Баспана нарығында жаңа үйлер қымбаттап жатыр. 

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады Фото: canva.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баға бір жылда 4 пайызға көтерілген. Өсім, әсіресе, Павлодар, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында байқалады. Екінші нарықтағы үй мен жалға берілетін пәтер бағасы да ырыққа көнбей тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соған қарамастан, былтыр баспаналы болғандар аз емес. Бір жылда сату және сатып алу бойынша 400 мыңға жуық келісім жасалды. 

"Баспана күрт қымбаттайды" деп, алдын ала дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ. Баға өсімі сұранысқа байланысты болады. Қазір доллар құбылып, құрылыс материалдары қымбаттаған соң, сұраныс төмен. Тиімді ипотекалық бағдарламалардың аздығы тағы бар. Осының бәрін ескерсек, баға жыл соңына дейін 7 пайызға өсуі мүмкін. Дегенмен қосылған құн салығына қатысты шешім нарыққа әсер етуі мүмкін екенін айта өткен жөн, - дейді Қазақстанның өзін-өзі реттейтін риэлтер қауымдастығының президенті Лариса Степаненко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу