Елімізде бастауыш сынып бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

167

Оқу-ағарту министрі білім саласындағы жаңашылдықтарды атады.  

Елімізде бастауыш сынып бағдарламасына өзгерістер енгізіледі Фото: primeminister.kz

Бұл туралы сала басшысы Жұлдыз Сүлейменова Атырау облысына жұмыс сапары барысында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министр жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің сағаттары мен мазмұны қайта қаралып, бастауыш сынып бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін жеткізді.

Бұдан өзге, 5-7-сыныптарға Конституция негіздері, 8-9-сыныптарға Заң және тәртіп пәндерін енгізу, ал 10-11-сыныптарда Құқық негіздерін оқытуды міндеттеу жоспарланып отыр.

Жұлдыз Сүлейменова оқушылардың білім деңгейін бағалау, сауатын арттыру мақсатында мазмұндама, шығарма, диктант жазу қайта енгізілетінін де айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу