Елімізде басымдыққа ие тауарларды анықтауға талдау жүргізу әдістемесі жоқ

1006

"Атамекен" алаңында Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы жобасының шеңберінде басымдық берілген тауарларды анықтау әдістемесі талқыланды.

Елімізде басымдыққа ие тауарларды анықтауға талдау жүргізу әдістемесі жоқ

ҚР 2020-2025 жылдарға индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы жобасына сәйкес Қазақстан екі бағыт: импортты алмастыру және экспорт бойынша дамуды көздейді.

"QazIndustry" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов әдістемеге қатысты түсіндіріп өтті.

"Қазақстанда басымдыққа ие тауарларды анықтауға талдау жүргізу әдістемесі әзірге жоқ. Көрсетілген әдістеме "Российский экспортный центр" АҚ моделін қолданумен экспортты тауарлар талдауына негізделген, оған сәйкес тауарлар шикізатты және шикізатты емес бағыттарға бөлінген, әр бағыт сәйкес шектерде  энергетикалық және энергетикалық емес тауарларда көрсетілген", – деді Тұрар Жолмағамбетов.

Осы ретте бизнес-қоғамдастықтың өкілдері басымдыққа ие тауарлар тізбесі және іріктеу әдістемесіне қатысты алаңдаушылықты білдірді.

"Қазір біз өзімізге басымдыққа ие тауарларды таңдап алдық және барлығын 3 халықаралық әдістеме негізінде осы топқа келтіруге тырысып жатырмыз. Бізге түбейгейлі басқа тәсіл керек деп ойлаймын. Экспорттан қандай нәтиже алғымыз келетінін түсінуіміз керек. Критерийлер шығарып, олардың негізінде әдістемені әзірлеу керек. Сонда келесі кезекте басымдыққа ие тауарларды таңдау оңай болады", – деді "ҚазАвтоӨнеркәсіп" басқарма төрағасы Серік Рахимов.

 Әріптесін Стартегиялық бастамалар орталығының директоры Бақытжан Саркеев қолдады.

"Өнеркәсіптік өндірісті дамытуда сапалы серпіліс жасау үшін  экспорттық әлеует және импортты алмастырумен қамтылатын 5-20 тауардан тұратын тізбекке назар аудару керек. Өйткен бағдарлама шеңберінде қаржылай қаражат шектеулі", – деді Бақытжан Саркеев.

 Пікірталасты қорытындылай келе, "Атамекен" ҚР ҰКП төралқасы төрағасының кеңесшісі Юлия Якупбаева басымдық берілген тауарларды іріктеудің аудиторияға түсінікті матрицасын әзірлеу қажеттігін айтты.

"Ары қарай айтарлықтай ауқымды аудиторияға түсіндіру үшін бізге тауарлардың түсінікті матрицасын жасау керек. Біріншіден, бүгінде экспорттан Қазақстан экономикасына айтарлықтай көбірек табыс әкелетін тауарларды белгілеу керек. Олардың өткізу нарықтары жолға қойылған, онда Қытай немесе Ресей ғана емес, Еуропа да, АҚШ-та бар. Аталған нишаларда бүгінде біз бәсекеге қабілеттіміз, және бұл тауарлар отандық жалпы ішкі өнім үшін маңызды. Екіншіден, экономика үшін келешекті өсіп жатқан нарықтарды көрсету. Үшіншіден, перспективасы бар, бірақ осал позициялар, даму үшін қолайлы – біз жаңдандырғымыз келетін жаңа немесе ескі салалар. Төртіншіден, ары қарай экспортқа шыға алатын импортты алмастыруда әлеуеті бар бағыттар. Осылайша матрицаны құру арқылы экономикалық мақсаттылық және қолдау шараларын, қажетті қаржылық қаражатты бөлу басымдығы түсінікті болады", – деп атап өтті Юлия Якупбаева. 

Естеріңізге салсақ, ҚР 2020-2025 жылдарға индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы 3.0 – өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша үшінші мемлекеттік бағдарлама. Онда кәсіпорындардың 4 тобына назар аударылған: "Жаңа индустриялық ойыншылар"; "Мықты шеп"; "Өсу драйверлері"; "Салмақты орталықтар". Осы ретте қолдау шаралары әр топқа белгіленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу