Елімізде бензин бағасы көтерілді

1523

Еліміздің жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы қымбаттады. Ең өтімді бензин маркаларының құны бірден 3 теңгеге өскен.

Елімізде бензин бағасы көтерілді

"ҚазМұнайГаз" жанармай құю станцияларында АИ-92 отынының литрі 144 теңгеге саудаланса, АИ-95 бензинінің бір литрі - 158 теңгеге жеткен. Ал, Sinooil бекетінде АИ-92 маркалы бензин 2 теңгеге қымбаттап, 145 теңгеге бағаланып отыр. АИ-95 болса-159 теңгеге тұрақтаған. Helios жағар-жанармай құю бекеттерінде де баға қымбаттап үлгерген. Мұнда АИ-92 маркасы 144 теңге, АИ-95 үшін - 158 теңгега сатылуда. Сондай-ақ, бүгінгі күні Royal Petrol-да АИ-92 литрі 145 теңге, ал АИ-95 - 159 теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу