Елімізде бензин бағасы тағы да көтерілді

986

Елімізде бензин бағасы тағы да көтерілді

Қазақстанда жоғары сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензинінің бағасы өсті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.  
Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаз" жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 бензинінің бағасы литріне 137-ден 139 теңгеге дейін өсті. Осында АИ-95 бензині 150 теңгеге сатылуда. 
ҚМГ-де құны бойынша бензин төмен бағамен өткізіліп келді. Бұдан бұрын бұл бекеттерде желтоқсанның басында литріне 128-ден 133 теңгеге дейін көтерілді, ал кейіннен 137 теңге деңгейінде қалыптасты. 
Сонымен қатар бензин бағасы "Sinooil" жанармай құю стансаларында да қымбаттады. Бұл компанияда АИ-92 маркалы бензині 140 теңгеге, АИ-95 маркасы 152 теңгеге сатылып жатыр. 
"Helios" жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 бензині 138 теңге, АИ-95 отыны 150 теңге сомасында саудалануда. 
Бұдан бөлек, "Аурикада" АИ-92 маркасының құны 145 болса, АИ-95-тің бағасы 161 теңгені құрап тұр. 
"Газпромнефть" жанамай құю желісінде АИ-92 бензині құны жақында 139-дан 141 теңгеге дейін өсті. АИ-95-тің литрі үшін жүргізушілер 153 теңге төлеп жатыр. 
Еске салайық, 2015 жылдың қыркүйек айының басында Қазақстанның монополияға қарсы күрес органдары Аи-92 және Аи-93 бензиндерін мемлекеттік реттеуден бас тартқан болатын. Өткен жылы 28 маусым күні дизельді отынның бағасын да еркіне жіберілгені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу