Елімізде бензин бағасы тағы қымбаттады. Қазмұнайгаз жанармай құю бекеттерінде ең өтімді АИ-92 маркалы бензин бағасы 157 теңгеге дейін шарықтаса, АИ-95 162 теңгеден сатылуда. АИ -98 болса 168 теңгеге жеткен. Әзірше бағаны бұрынғы деңгейде сақтап тұрған тек Sinoil бекеттері. Онда АИ -92 бензині 152, Аи -95 164 теңгеден сауалануда. Сондай –ақ, Royal Petrol да бағаны аса қатты көтермеген. Мұнда АИ -92 153 теңге болса , АИ-95 жанармайы 164 теңге екен. Алайда, ҚазМұнайГаздың бағаны көтеру әрекетінен кейін қалған жанармай құю бекеттері де бензин құнын шарықтатып жібереді деген болжам бар.
Естеріңізге салайын, осыдан бірнеше күн бұрын энергетика министрі Қанат Бозымбаев елімізде жанармай бағасы арзандауы мүмкін екенін айтқан болатын. Одан кейін, бағаны негізсіз көтерген қазақстандық жанармай құю бекеттеріне 960 млн теңге айыппұл салынды.