Елімізде бензин қымбаттауы мүмкін

901

Бағаның өсуіне көрші Ресей нарығындағы жағдай әсер етуі ықтимал.

Елімізде бензин қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда бензин қымбаттауы мүмкін. Бағаның өсуіне Ресей нарығындағы жағдай әсер етуі ықтимал. Жаңа жылдан бастап көрші елде акциздер 1,5 есеге көтеріледі, деп хабарлайды 31 арна.

"Салықты бұлай бірден көтерудің зардабы болмай қоймайды. Мен қазір ешқандай санды атамай-ақ қояйын, бірақ кәсіпорын экономикасы реттеліп тұру үшін, мұнай өнімдеріне баға көтерілуі керек", - дейді Ресейдің тауарлы нарық бойынша кеңесінің төрағасы Илья Морозов.

Қазір Ресейде бензиннің бөлшек саудадағы бағасы литріне 44 рубль немесе 250 теңге. Ал Қазақстанда 100 теңгеге жақын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу