Қазақстанда Екібастұз, Павлодар, Шымкент, Қызылорда және Түркістан қалаларындағы теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Үкімет авиация және теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы Қызылорда мен Түркістан вокзалдары жаңартылып, 2025 жылдың 28 ақпанында Екібастұз вокзалындағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Бұған дейін Шымкент пен Павлодар вокзалдары жаңғыртылған болатын.
Жаңғырту жұмыстарының негізгі нәтижелері:
Павлодар вокзалы
- Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 3,5 мыңнан 4,5 мың адамға дейін артты.
- Вокзал аумағы 4900-ден 5400 шаршы метрге дейін кеңейтілді.
Шымкент вокзалы
- Жолаушылар қабылдау мүмкіндігі тәулігіне 2 мыңнан 6 мың адамға дейін үш есеге артты.
- Вокзал аумағы 1770-ден 2250 шаршы метрге дейін ұлғайтылды.
Екібастұз вокзалы
- Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 1,5 мыңнан 2,5 мың адамға дейін өсті.
- Вокзал аумағы 2395-тен 2505 шаршы метрге дейін кеңейді.
Жаңғыртылған вокзалдар жолаушыларға жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Инфрақұрылымның жақсаруы сапар сапасын арттырып, халыққа қызмет көрсету деңгейін көтеруге бағытталған.