Бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүрген жағдайда алдымен ескерту жасалады. Оны қаперіне алмаған жағдайда айыппұл салынады. Айыппұл көлемі 50 айлық есептік көрсеткіштен 500 айлық көрсеткішке дейін, деп хабарлайды 24.kz.
Бүгін жоғары палата депуттары діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша заң жобасын қарады. Аталған құжат бойынша сенаторлар "Жарнама" туралы заңға түзету енгізуді ұсынды. Оған сәйкес жарнама деструктивті діни ағымдардың сыртқы атрибуттарын, киім-кешектерін насихаттау үшін пайдаланылмауға тиіс.
"Мәжіліске қайтарылды. Екі неге байланысты. Біріншісі жарнамаға байланысты. Екіншісі діни білім алуға байланысты. Өздеріңіз білесіздер, жобада бірінші діни білім алу Қазақстанда болуы керек. Екінші діни білім алуға басқа жерге баруға болады делінген. Сол бапты алып тастады. Мәжіліске жіберді", - дейді ҚР қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев.