Елімізде білім гранттарын бөлуге арналған квотаның саны артады

227

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Елімізде білім гранттарын бөлуге арналған квотаның саны артады Фото: freepik

Биылдан бастап жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған квота түрінің саны артады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынған құжат жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңадан енгізілетін квоталар:

әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан азаматтары үшін – 1 пайыз;

жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жерде зардап шеккен азаматтар үшін – 20 пайыз.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл квота түрлері Үкімет басшысының өкіміне сәйкес қолданысқа енгізіледі.

Су басқан өңір түлектеріне арналған квота туралы бұған дейін үкімет басшысы Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында хабарлаған болатын. Бұл квота бойынша биыл 12 528 грант беріледі. Бұл биылғы мемлекеттік білім гранттарының бестен біріне тең.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу