Елімізде "Биологиялық қауіпсіздік туралы" заң жобасы әзірленді

677

"Дені сау ұлт" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2026 жылға дейін жыл сайын 3 зертхана жарақтандырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Елімізде "Биологиялық қауіпсіздік туралы" заң жобасы әзірленді

"Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында "Биологиялық қауіпсіздік туралы" ҚР Заңының жобасы әзірленді. Биыл 28 сәуірде аталған заң жобасын ҚР Парламентінің Сенаты қабылдады. Заң жобасы Президенттің қарауына енгізілді. Оның негізгі мақсаты – бұл биологиялық қауіптерді ерте анықтау, алдын алу және профилактика. Мынадай негізгі биологиялық қауіптер бар (аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары). Аса қауіпті инфекциялардың ошақтары ел аумағының жартысында таралған. Мысалы, оба – 10 облыс аумағында, туляремия – 12 облыс аумағында, геморрагиялық қызбалар – 4 облыс және Шымкент қаласы аумағында, 1 800 жуық күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз пункт тіркелген. Сондай-ақ қауіпті инфекциялардың сырттан әкелінуі", – деді министр. 

Спикердің айтуынша, Қазақстанның халықаралық туристік және іскерлік байланыстарды кеңейтуі нәтижесінде жыл сайын сырттан тырысқақ дертін әкеліну жағдайлары тіркеледі. Мәселен, 2019 жылы Үндістаннан 4 жағдай, Таиландтан әкелінген Денге қызбасының 3 жағдайы, тропикалық елдерден келгендерден безгектің 4 жағдайы анықталды. 

"Сонымен қатар патогенді биоагенттермен жұмыс істеу кезінде талаптардың бұзылуы сынды қатерлер бар. Төтенше жағдайлар мен терроризм актілерінің салдарынан жоғары қауіпті көздерге әсер ету, биологиялық қауіпсіздік саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі сынды мәселелер де жоқ емес", – деді ведомство басшысы.  

Сонымен қатар заң жобасы бойынша биологиялық қатерге қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік басқарудың үйлестірілген ведомствоаралық жүйесін құру, оның профилактикалық функциясын күшейту, бейінді қызметтер мен халықтың ықтимал төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету, патогенді биоагенттердің айналымы туралы деректерді есепке алып, мониторинтің бірыңғай жүйесін құру, сондай-ақ, барлық тиісті мемлекеттік органдарды, жергілікті органдарды біріктіретін ақпараттық жүйе құру бағыттарын қамту жоспарланған.  
"Дені сау ұлт" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2026 жылға дейін жыл сайын санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға негізделген 3 зертхананы жарақтандыру бойынша іс-шаралар қарастырылған. Былтыр 3 зертхана жабдықталған. Осы жылы тағы да 3 зертхана жабдықталады. Бұл тапсырма да орындалуда", – деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу