Елімізде бір айдың ішінде мал ұрлаумен айналысқан 10 топ ұсталды

393

Сонымен қатар, 75-тен астам мал ұрысы ұсталды.

Елімізде бір айдың ішінде мал ұрлаумен айналысқан 10 топ ұсталды Фото: polisia.kz

Елімізде қыркүйекте мал ұрлаумен айналысқан 10 топ ұсталды.

Түркістан облысында 4 адамнан тұратын мал ұрлығы тобының қылмыстық қызметі тоқтатылды. Олар еркін жайылымнан мал ұрлау кезінде әшкереленді. Тамыздан бастап олар 3 бас ірі қара мен 4 жылқыны ұрлап кеткен. Барлық жағдайда қылмыскерлер малды алдын ала жалданған ГАЗель көлігімен ұрлаған.

Ақмола облысында екі адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар да өз іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлаған. Шілдеден бастап 7 бас ірі қара мен 2 жылқыны ұрлап кеткен. Бұл қылмыстық топ малды ауыл тұрғындарының қораларынан ұрлаған. Ұрланған малды далаға шығарып, сол жерде сойған. Олардың терілері мен ішектерін, бастарын қылмыс орнында қалдырып отырған. Осылайша ұрланған малдың ет өнімдері Астана қаласының базарларына өткізілді.

ІІМ жыл сайын күз келісімен мал ұрлығы жиілеп бара жатқанын және бұл бірінші кезекте қысқа ет дайындаумен байланысты екенін атап өтті. Сондықтан ведомствомен мал ұрлығының алдын алу және ашу бойынша қосымша шаралар қабылданып отыр. Барлық облыста осындай қылмыстың жолын кесуге мақсатты өңірлік жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Полиция мал ұрлығының алдын алу үшін мал иелерінің қарапайым нормаларды сақтау керек екенін, малды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу