Елімізде бір айға жетер-жетпес дизель отыны бар

382

Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Елімізде бір айға жетер-жетпес дизель отыны бар Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда 504 тонна болатын дизель бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

"Орта есеппен ол 28 күнге жетеді. Оның ішінде мұнай өңдеу зауыттарында 67,6 дизельдің қоры бар. Бүгінде ішкі нарықта дизель отынын өндіруге және тұтынуға қатысты қандай да бір проблема жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Тамызда 526 мың тонна дизель отыны өндіріліп, 500 мың тонна өнім тұтынылады деп болжанып отыр.

Дизельдің жалпы көлемі – 1009 мың тонна (тамыздың басындағы қалдық – 483 мың тонна әрі 526 мың тонна дизель өндіріледі). Осылайша, ішкі нарық отандық дизельмен толық қамтылады. Тамыздың соңындағы қалдық шамамен 513 мың тонна болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу